Қостанай басшылығы тәуелсіздікті аттап, жаңа жылға дайындалып жатыр

/uploads/thumbnail/20170708155049195_small.jpg

Қостанайда қазірден бастап жаңа жыл атрибутикалары орнатыла бастаған.Түрлі-түсті жарықтарға оранған үйшіктер мен қар бейнелері қалада бүгіннен бастап бой көтеруде. Жаңа жылдық безендіру жұмыстары 2 айға созылады екен. Ұйымдастырушылар қалада екі шырша орнатуда жоспарлауда. "Жаңа жылға әлі екі ай бар дегенмен, көзді ашып-жұмғанша уақыт зырлап өтіп кетеді. Сол себепті, біздің компания қаланы безіндіру жұмыстарын баяғыда-ақ бастап кеткен", - деп мәлімдеген "Издательский дом" ЖШС директорының орынбасары Сергей Кузняков. Бұл туралы Alau.kz сайтына сілтеме жасап, NUR.KZ хабарлайды.

2015

Бұдан бөлек, Павлодар қаласында да тұрғындардың жаңа жылды қарсы алуға дайындығы туралы айтыла бастаған. Яғни, қаладағы кафе-мейрамханалардың жаңа жылдық кештерді өткізуге арналған жарнамасы басталған.

Мәжіліс депутаты Розақұл Халмұрадов болса, желтоқсан айы басталмай жатып, еліміздің барлық қалаларында Жаңа жыл мерекесіне кірісу "дәстүрге" айналғанын, осы мақсатта миллиондаған қаражат шығындалатынын сынаған болатын. "Егер біз ұлт ретінде тәуелсіздігімізді қадір тұтсақ, ең алдымен Тәуелсіздік күні мен Тұңғыш президент күні мерекелеріне көңіл бөлуіміз керек. Біз Жаңа жылды тойлауға, қалаларды, елді мекендерді безендіруге, шыршаларды орнатуға қарсы емеспіз. Бірақ, алдымен Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күнін мерекелегеннен кейін Жаңа жылды қарсы алуға кіріссек те болар еді ғой", - деген болатын депутат.

askar M

Қазақстанның тәуелсіздік күні мерекесі ылғи да жаңа жыл мерекесінің көлеңкесінде қалып қояды. Бұл мәселе жылда көтеріліп жатса да әзірге жаңа-жылға көл-көсір шашылу мен тәуелсіздікті ұмыт қалдыру тиылмай келеді. Тек Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов қана жаңа жылдық безендірулерді тым ерте бастауға тыйым салып, Тәуелсіздік мерекесі тойланған соң ғана шыршалар орнатылады деген болатын. Біз барлық облыстар Асқар Мырзахметовтан үлгі алса екен дейміз.

Қатысты Мақалалар