Қызылордада қазақстандық қыздар порно-кастингке шақырылған бассыздық орын алды

/uploads/thumbnail/20170708155050115_small.jpg

Yvision блогтұғырында  Sey Khan есімді қолданушы Қызылордада болатын кастингке хабарлама жасаған.  Төмендегі суреттен көретіндеріңіздей арнайы байқауға 28-25 жас аралығындағы қыздар шақыртылған. 

а

Tengrinews.kz журналисті аталған порно-кастингты ұйымдастырушылардың бірімен байланысқа шығып, ақпарат алған. Жауапқа сай қыздардан мыналар талап етіледі: келуші қыздар өздерін «төсекте тартымды көрсете алуы» керек және денесі талдырмаш болуы керек. Сондай-ақ «үміткерге» қойылатын тағы бір тосын талап: қыздар өздерінің ыңырсыған-ыңқылдаған аудиожазбасын жіберуі керек.

Ұйымдастырушы сөзінше кастинг тек Қызылорда да өтеді. Бірақ онда Қазақстанның барлық өңірінен қыздар шақыртылған. Тіпті әрбір түсірілім эпизоды үшін  90 мың теңге ақы берілмек.

Сондай-ақ жоғарыдағы хабарлама жазылған жазбада қызылордалықтардың интимді кездесулерінің тарихы, суреттері беріліп, өздеріне керек жұбын қайдан табуына болатыны да жазылған.

Қызылорда – 99 пайыз қазағы бар Маңғыстаудан кейінгі қазақтары ең көп екінші облыс. Халқының 97 пайызы қазақтардан құралатын аталған облыста жоғарыдағыдай кісінің беті шыдамайтын оқиғаның орын алуы ұлтқа қара таңба. Құзырлы орындардың, Қызылорда әкімшілігінің осы жағдай бойынша жедел әрекеттер жасап, жоғарыдағыдай бассыздықты ұйымдастырмақшы болғандарды барынша ауыр жазаға тартуын сұраймыз.

Қатысты Мақалалар