Джеки Чан Астанадағы баспасөз-конференциясында Димаш Құдайбергенов туралы пікірін білдірді. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Танымал актер Димаш Құдайбергеновпен таныстығы туралы айтып берген. "Теледидар көріп отырып бірде Димашты көріп қалдым да даусының диапазонына таң қалдым. Одан кейін оның менің табынушым екенін білдім. Димаштың болашағы зор"-деді Джеки.
Джеки Чан сонымен бірге өзінің жетістікке жету жолындағы кеңестерін айтты.
«Жеке басым барлық нәрсеге қызығатын адаммын. Түсірілім алаңында камераға да түсем, түсіремін де, тіпті түсірімнен кейін еден жуып кететін кездер де болады. Осыдан кейін жаным рақаттанады»-дейді ол.
Шолушы: Назерке МҰСА