Екатеринбург қаласындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде жасы келген әйел пәтерінен қуылмақ. Вера Скобелина есімді әйел соңғы 10 жыл бойы өзінің пәтері мен кіреберіске көшеде кезіктірген қоқыстың барлығын жинаумен болған. Онымен қоса өзінің пәтері бола тұра тұрғын үйдің баспалдағында тамақтанып, сол жерде ұйықтайы.
Зейнеткердің бұл әрекетіне көршілері наразылық білдірген. Пәтердің жағдайы жақсы. Алайда зейнеткер әжей қоқыс жинауды өзіне кәсіп етіп, сыртта түнеуде. Алайда әйелдің жинаған қоқысынан көршілері аяқ басып жүре алмай отыр.
Көршілердің зейнекердің ісіне деген наразылығы соңғы бір жыл бойы жалғасып келеді. Сол уақыттан бері әжей өзі үшін тым бағалы қоқыстарды пәтеріне жинап отырған. Пәтер іші толған соң әйел тұрғын үйдің кіреберісін қоқысқа толтыруға көшкен.
Вера Ильинична өзін ақшасы жоқ, үйсізбін деп санамайды. Әйелдің айтуынша, ол зейнетақы алады және пәтердің ақысын уақытында төлейді. Жергілікті тұрғын Плюшкинаның айтуынша, көршілердің наразылығының астарында бір бөлмелі пәтерді иемдену жатыр.
Көршілері кейде кіреберістегі қоқыстарды өздері шығарып отырған. Оны көрген зейнеткер бірнеше күнге жоғалып кетеді екен. Артынша қоқыспен жолдың бәрін қайта толтырып қоюмен болады.
Шолушы: Айгерім Таубай