Сот Донбасста Украина үшін Ресейге қарсы соғысқан ресейлік азаматқа шешім шығарды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі bbc-ге сілтеме жасап. Артем Ширбоков сырттай 5 жылға сотталды.
Би-би-сиге берген сұхбатында Ширбоков неліктен Донбассқа барғанын және Ресейге оралу туралы айтып берген еді.
Артем Широбоковтің айтуынша, оны қылмыстық іске тартып жатқандығын білмеген. Сот 5 жылға бас бостандығынан айырғаны туралы да жаңалықтардан білген екен.
Артем Широбоков сотқа бірнеше жыл араласпаған сыныптастарын, көршілерді шақырғанын және олар Артемнің жалдамалы адам екенін айтқан. Бес жылға сотталған ер адам Ресейге қайтып оралмайтынын айтты.
«Мені соттады. Жарайды. Алайда қандай дәлелдердің негізінде? Қандай ақша алдым? Кімнен? Қандай әрекетім үшін?» деп сотқа сауал жолдады Артем.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет