Осыдан біраз күн бұрын әлемге әйгілі Джеки Чан Астанаға келген болатын. Ол Астанаға келе салысымен талай қазақтар әйгілі актермен суретке түсуді армандады.Ал Джеки Чан қазақстандық жұлдыздың біріне суретке түсуге ұсыныс білдірді деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Майра Мұхамедқызы өз парақшасына жазыпты.
«Жұлдызды күн! Жұрттар Джеки Чанмен фотоға түсе алмай естері шығып тұрғанда, бір қытай келіп құлағыма сыбырлап “Чан ағасы сізбен фотоға түссем деп ұсыныс жасап жатыр” деді. «Менімен?» деп аузым ашылып қалды. Содан түстік. Оның «Бүгін қолында микрофоны жоқ нағыз әнші сіз болдыңыз! Сол үшін сізді қатты сыйлаймын» дегенін естігенде құлағым, жүрегім нағыз бальзаммен сусындағандай болды»-деп өз парақшасына жазған.