Халид әл-Фалих: алдағы уақытта мұнай бағасы үш мәнді санға жетеді деп айта алмаймын

/uploads/thumbnail/20170710112852892_small.jpg

Астанада өткен энергетика жөніндегі VIII Халықаралық форумына Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалих мұнай бағасына қатысты болжамын айтты деп жазады Qamshy.kz.

 «Енді, мұнай бағасының нақты бағасын болжау қиын. Себебі оған көптеген факторлар әсер етеді. Бұдан бөлек, геосаяси және макроэкономикалық себептер тағы бар. Дегенмен, біз министрлер деңгейінде осы мәселеге әсер ете аламыз. Қазір негізгі мақсат - мұнай саласындағы тепе-теңдікті сақтау. Себебі мұнайдан түсетін қаржы бір аймақта шоғырланса, тұрақсыздық болады. Ондайға жол бермеу керек. Сосын ұсыныс пен сұраныстың арасында теңдік болуы тиіс. Сонда мұнайдың бағасы да өзгереді. Дегенмен, алдағы уақытта мұнайдың бағасы үш мәнді санға жетеді деп айта алмаймын. Себебі ұсыныс сұраныстан басым болады», - деген Халид әл-Фалих.

Қатысты Мақалалар