ҚУАТ ДОМБАЙ: ҚАЗАҚТАР ӨЗ ЖЕРІНДЕ ЕКІНШІ СОРТТЫҚ ЖҰРТ СИЯҚТЫ БОЛЫП ЖАТЫР

/uploads/thumbnail/20170710112909962_small.png

Осы аптада Қазақстан теледидарына орыстандыру саясаты туралы Дос Көшіммен бірге сұхбат бердік. Эфирге 16-шы маусымда шығады. Шынымды айтсам сол әңгімеге толықтай риза болмадым. Себебі кейде тілім жетпеді, кейде сол маңызды тақырыпты терең талқылай алмадым. 

Меніңше біз орыстандыру саясатына әлі күнге дейін нақты кедергі жасаған жоқпыз. Теледидардағы (әсіресе кабельдік немесе спутник операторларына қарасақ) қазақша контент 10-15% дан аспайды, жалғыз ұлттық кітап жүйесінде - Меломан дүкендерінде 95%-ы Ресейден келген орыс тіліндегі импорт. Ал орта мектептерінде 1 миллион жуық оқушылардың ішінде, 270 мың қазақ ұлты балалар оқып жүр. Алматыда, Астанада өтетін жиналыстарында, кейде қазақтардан басқа бір де өзге ұлт болмаса, жиналыс орыс тіліңде өткізіліп жатыр. Жеке меншік ірі компаниялардың ішінде тек қана қазақша сөйлесеңіз еш қандай карьера жаса аламайсыз, өйткені басшылық (асфальтовый қазақтар болса да) мемлекеттік тілде еш нәрсе түсінбейді, есептеріңізді немесе хаттарыңызды қазақша қабылдамайды. Бастықтармен ешқандай коммуникация жасай алмасаңыз қалай өсесіз?

Нәтижесінде қазақтар өз жерінде екінші сорттық жұрт сияқты болып жатыр. Сонда сол сорақы жағдайға не жасауға болады? Өткен сұхбатта бірнеше мәселелерді талқыладық, бірақ ең маңыздыны мен қазір атап етейін деп едім.

Ең алдымен мемлекеттік тілді енгізу үшін, оны пайдалануға мәжбүрлейтін заң қабылдау керек. Әлі күнге дейін қазақ тілді енгізе алмайтынымыздың себебі -оны пайдалануға ешқандай заңды қажеті жоқ болғандықтан. Оны түсінуіміз керек - тіл Әдемілігінде емес, керегінде үйренеді. Ал екіншіден, менің ойымша, қазіргі күні қазақтардың саны 70%ға жақындаса, әрі қазақ қазақпен тек қана қазақша сөйлессе (өзге тілге түспей , және басқа ұлттарды зорламай) сонда ғана өзге ұлттар қазақ тіліне өз еркінмен үйренеді. Қазір қазақ тіліне кедергі жасап жүргендер көбінде өзге ұлттар емес, өзіміздің қазақша сөйлей алмайтын қазақтар болып жатыр. Олардан бастау керек - ұрыспай, керісінше көмектесіп жүру керек. Мақсаты сол қазақтардың 70% қазақша сөйлеп кету керек. Олар Қазақстанды қазақшалауға кілт.

«Қазақ осылай айтпайды» сөзді мүддем ұмыту керек. Өзіңіз жақсы сөйлей берсеңіз, орыс тілді қазақтар уақытымен үйренеді. Өз қазақтарымыз қазақшасын меңгермесе, басқа ұлттардан мемлекеттік тілді талап етуге құқығымыз қандай? Сондай ойымды нақтырақ жеткізгім келіп тұр.

Қатысты Мақалалар