Сауд Арабиядағы Катар азаматтарына Меккедегі Үлкен мешіт – Харам сияқты қасиетті орындарға кіруге тыйым салынды деп жазады Qamshy.kz.
Әл-Жазираның хабарына қарағанда Катар азаматтарына Меккедегі Харамға кіру Сауд билік өкілдері тарапынан тыйым қойылған.
Катар халықаралық адам құқықтары комиссиясы да аталған ақпаратты растаған.
Катар халықаралық адам құқықтары комиссиясы аталған әрекетті «Адам құқықтары декларациясы мен кепілдендірілген діни ғұрыптарды орындау құқықтардың бұзылғаны» деп айыптаған.
Айта кетсек, Араб елдері дерлік Катармен дипломатиялық байланысын үзген еді.