Алматы облысында бір отбасының мүшелері қазылған шұңқырға құлап кетіп қаза тапты. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі «Казинформ»-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Қарасай ауданы Қырғауылды ауылында 6 маусымда сағат 9-дар шамасында орын алған. 10 жастағы қыз дәретхана шұңқырына құлап кеткен. Оған көмекке келген 50 жастағы ер адам мен 24 жастағы қыз да шұңқырға түсіп кеткен.
Үшеуі де оқиға орнында қаза тапқан. Белгілі болғандай, қаза тапқандардың денелерін көршілері шығарып алған. Ресми емес деректерге сүйенсек, 10 жастағы қыз дәретханаға ұялы телефонын құлатып алып, оны алмақшы болған.
Шолушы: Назерке МҰСА