Әлеуметтік желіде Алматы қаласында болған ірі жол апатының суреттері пайда болды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Куәгерлерің айтуынша, ірі жол апаты Алтынсарин мен Улықбек көшелерінің қиылысында, Сарыарқа базарына қарама-қарсы бетте орын алған. BMW автокөлігі қоғамдық көліктердің біріне келіп соқтығысқаны суреттерді көрінеді. Белгілі болғандай, сол уақытта автобус көлігінің тежегіші істен шығып қалыпты.
Деректерге сәйкес, қоғамдық көліктердің бірі үлкен жылдамдықпен келе жатып жеңіл көлікке келіп соқтығысқан. Салдарынан, жеңіл автокөлік тұрақта тұрған көліктерге барып соқтығысқан. «ГАЗель», Mitsubishi Pajero, Toyota Camry 10, Ford, Toyota Yaris көліктері де едәуір соққы алған.
Жол көлік апатынан жеті адам зардап шекті: жүргізушілер, BMW көлігіндегі екі жолаушы және автобус жолаушылары.
Жол көлік апатына қатысты нақты деректер анықталуда.




