Әлемде сан алуан ғажайыптар жиі орын алып тұрады. Сондай оқиғалардың бірі Мәскеу қаласында болған. 30 жастағы ер адам 18-қабаттан құлап аман қалыпты. Ол өз пәтерінінің терезесін жуып жатқанда байқаусызда төменге құлаған. Алайда ол көліктің үстіне құлап, аман қалған екен. Аталған оқиға туралы Вконтакте желісіндегі Mash парақшасы хабарлаған.
Шолушы: Әсел Өтешова