Ардақ Нұрғазыұлы. СӨЗ

/uploads/thumbnail/20170708155141865_small.jpg

«Қазақ мемлекетіне – 550 жыл» жыр мүшайрасына!

  Империядан қалған сарайдың төбесінде тұрған жалау тыныш Сезеді алыстан дауыл көтерілгенін Мерекеден кейінгі алаң қаңырап бос тұр Тереңде жүзген адамның теңіз түбіне түскен көлеңкесі секілді   Шырмауық гүлдің сабағында дамылдаған күндер Қауашағын түнде ашады Өзенді кері бойлап жүгірген балалық шағым Аққан жұлдыздармен жарысып барады   Сірінкенің бір тал шрпысын тұтатқанда, Тарих, Ақ қағаздың бетіндегі қара ноқат жарқ ете қалады Із аңдыған қара мысық қараңғыда үнсіз тың-тыңдайды   Түсімді жұмарлап, ұсақтап жыртып Аспанға шашып жібердім Өмір бойы жатыққан бір күйді ақыры шертіп болып Ақырғы рет шанақты қағып тоқтағандай Шексіз биіктен қапалақтаған ақ жоңқа, ақ қарға алақанымды тостым   Сөз Табақтың шеңберін бойлап жүйіткіген құйын Ұмытудың соңынан қуып барады Сөз Қараңғыда аз кідіре тұршы Шуағың шеңбердің шегіне жетсін.   ardakh Автор туралы:

Нұрғазыұлы Ардақ — ақын, прозаик һәм сыншы. 1972 жылы дүниеге келген. 1995 жылы жоғары оқу орнын тамамдаған. 1991 жылдан бастап шығармалары жарық көріп келеді. 2006-2008 жылдары «Шетел әдебиеті» газетінің Бас редакторы болған. Қазір «Алматы ақшамы» газетінде тілші. «Жалған бостандық кітабы» (2009 ж.), «Арақұс» (2012 ж. қазақ-қытай тілінде)  өлең жинақтарының, «Қазақтың модернистік поэзиясы» (2010 ж.) сын еңбегінің, «Сызықтар мен нүктелер» (2010 ж.) әңгіме жинағының авторы. Өлеңдері ағылшын, қытай тілінде жарық көрген. 

demeu2

Қатысты Мақалалар