Алып питонды жалаңаш қолдарымен аулаған ер адамның батылдығы елді таңқалдырды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710122947091_small.png

Әлеуметтк желіде алып питонды жалаңаш қолдарымен аулаған ер адамның видеосы кеңінен таралды. 

Видеода көріп тұрғанымыздай, алып питон өзін ауламақ болған ер адамға бірнеше рет атылады. Дегенмен, одан еш сескенбеген ер адам жыланмен көзбен ұғынысуды білетін тәрізді. Өзіне айбат шегіп, бірнеше рет атылған питонды қорықпастан жалаңаш қолдарымен аулап, оны арнайы жәшікке салып қойды. Сонымен қатар, ол оның аулаған бірінші жыланы емес екендігі көрініп тұр. Видеоға назар салып қарайтын болсақ, онда тағы да бірнеше жылан салынған жәшіктерді көруге болады.

Батыл ер адамның бұл іс-әрекеті түсірілген видеоны назрларыңызға ұсынамыз. Видео Facebook әлеуметтік желісінен алынды.

Қатысты Мақалалар