Жанармай тапшылығы еліміздің кейбір аймақтарында қайта сезіле бастады. Алматыда өткен жұмадан бері ірі жанармай құю бекеттерінде бензин талонмен ғана сатылуда. Бұл туралы Астана теларнасына сілтеме жасап Nur.kz хабарлады.
Халық арасында сұранысы жоғары АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин түрлерін құю үшін, көлік жүргізушілер кей бекеттерде сағаттап кезек күтуде. Қыркүйекте еліміздің барлық аумақтарында жанармай тапшылығы халықты біршама әбігерге түсірген еді. Ол кезде тиісті мемлекеттік мекемелер ахуалды елдегі үш бірдей мұнай өңдеу зауытының күрделі жөндеуге жабылуымен түсіндірген болатын.

Еске салсақ, Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин елде белең алған жанармай тапшылығына қатысты жағдай қазанның екінші бөлігінде тұрақталатынын айтқан еді.
Қамшы-ақпарат