АҚШ Президенті Барак Обама Украин халқын сәтті өткен Парламент сайлауымен құттықтап, Украина билігіне Қырымды қайтарып алуға көмектесуге уәде берді. Бұл турал Украиналық ақпарат құралы Цензор.НЕТ хабарлады.

Обама өз мәлімдемесінде: «Америка халқының атынан 26 қазанда өткен Парламент сайлауының сәтті өтуімен Украина халқын құттықтаймын. Қауіпсіз және бөлініп кеткен өңірлер сферасына қарамастан миллиондаған украиндықтар өз елінде тәртіпке түскен бейбіт жағдайда дауыс бере білді. Мен Украина үкіметіне халықаралық жауапты стандарттарға сай өтті деп халықаралық ұйымдар бағалаған сайлауды өткізе білгенін үшін алғыс білдіремін», - деген. Сондай-ақ ол Ресей оккупациялаған Қырым мен Украина шығысындағы ресейшіл қарулы күштердің көптеген Украина азаматтарының демократиялық құқықтарын шектегенін айтқан. Обама Украинада 26 қазанда өткен сайлау - Украинаның дамудың жаңа сатысына өткендігі деп санайды. Обаманың сөзінше, АҚШ Украинаның территориялық тұтастығын, мемлекеттік суверенитетін қолдайды және Украина шығысының бейбіт жағдайда тәртіпке келуі мен Қырымды қайтарып алуы үшін жұмыстар істейтін болады.