Астық толық жиналмауына қолайсыз ауа райы себеп болды

/uploads/thumbnail/20170708155158814_small.jpg

Елімізде бүгінге дейін жиналған егін көлемі 15 млн гектардан 13 млн центнерге жетіп отыр. Baq.kz-тің жазуынша, бұл туралы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР АШМ комитет төрағасы Сақташ Хасенов мәлім етті. 

"Мұндай ауа райы бұған дейін болған емес. Ауа райының қолайсыздығы егінге айтарлықтай зиян тигізуде. Бұған қарамай қазір жұмыстар жүріп жатыр. Салыстырмалы ақпараттарға сүйенетін болсақ, 2009 жыл мен 2014 жыл аралығында бидай алқабы 2400 гектарға төмендеп отыр" дейді Сақташ Хасенов. Сонымен бірге, ол техникалық жабдықтардың жетіспеушілігі де астық өнімі көрсеткішінің төмендеуіне әкеліп отыр дейді. Естеріңізге салсақ, бір апта бұрын Солтүстік Қазақстан облысында 600 мың гектардан астам егін орылмай, қар астында қалып отырғаны хабарланған еді.

Ал, Zakon.kz сайты болса, биылға Қазақстан бойынша 16,2 миллион тонна астық жиналғанын жазды.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар