Ресей мен Украина арасындағы шындықты біле бермейміз. Өйткені, еститініміз ресейлік жаңалықтар ғана. Ал олардың айтуы бойынша Ресей ешқандай соғысқа кірген жоқ. Донецк мен Луганскде украиндар өздері мен өздері соғысып жатыр. Президент Путин де, Қорғаныс министрі Шойгу де ешқандай әскер енгізбедік деді. Бірақ бұл мүлде өтірік. Соның бәрін белгілі саясаткер Б.Немцов әшкерелеп берді. Ол тіпті Ресейдің қандай әскерлері Украинаның аумағына басып кіргеніне дейін айтты. Олар:
- 76-шы Псков әуе-десанттық дивизиясы;
- 98-ші Кострома, Иванова және Ярославль
облыстарында орналасқан әуе-десанттық
дивизия;
- Шешенстандағы 17 және 18-ші мотоатқыштар
бригадасы;
- Осетиядағы 19 осындай бригада;
- Н-Новгородтағы 9-шы осындай бригада;
Осылардың әрқайсында 10-15 мыңнан әскер бар деді саясаткер. Демек оны 6-ға көбейтсек... 80-90 мың әскер. Сұмдық қой. Украина Донбассты неғып ала алмай жатыр десек, осындай сұмдығы бар екен. Демек, Ресей басқыншы ел!
Сұхбатты толықтай көріңіздер:
https://www.youtube.com/watch?v=fvS1DvoacBQ
Марат Али, саясаткер.