Украина НАТО құрамына кіруге өтініш бермеуді шешті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Брюссельдегі конференцияда ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеген.
"Бухарестегі саммитте біз Украина мен Грузия НАТО мүшесі болатынын мәлімдегіміз келді. Содан бері Украина өтініш бермеуді шешті, бұл күн тәртібінде тұрған жоқ", - деді Столтенберг. Оның айтуынша, осы себепті Украинаның НАТО-ға мүшелік ету мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Ол "ұйымның ашық есік саясатын қолдайтынын" айтты. "Әр ел мүшелікке өтініш беруді өзі шешуі керек", - деді бас хатшы.

Айта кетейік, қыркүйек айының аяғында Украина Сыртқы істер министрлігінің спикері Евгений Перебийнис елдің 2014 жылы қарашада НАТО құрамынан тыс ерекше мәртебе алуы мүмкін екенін мәлімдеген. Бұған дейін Украина президенті Петр Порошенко НАТО елдерімен әрекеттестікті жоғарылату үшін АҚШ-тан ерекше қауіпсіздік мәртебесін беруді сұраған болатын. Сондай-ақ ол Ресейге қарсы санкцияны күшейтуді сұраған. Кейіннен ол Украина АҚШ-тың НАТО-дан тыс арнайы одақтасы мәртебесін алмағанын хабарлады. Ресей билігі Украинаның НАТО-ға мүшелікке қабылданбауына аса мүдделі болып отыр.
Қамшы-ақпарат