«Нұротан» халыққа берген уәдесін талқылады

/uploads/thumbnail/20170708155232058_small.jpg

ҚР Парламент Мәжілісіндегі Фракция мүшесі Төлеген Ибраев «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасының  «Ауылды қорғау» бағытының іске асырылу барысы турасында әңгімеледі.

Оның айтуынша, «Ауылды қолдау» бағыты бойынша өткізілген ең соңғы сарапшылық отырыс тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған. Сондағы келтірілген деректерге қарағанда, ауыл халқының 70%-ы аузы су жүйесіне қосылған екен. Ал мұндағы түйткілді жайт – орталық су құбырынан жекеменшік үйге су келтіру.

81vfYnIi

«Мәлім болғандай, ауылдықтардың көбінің бұған жағдайы келмейді. Сондықтан да, осы бойынша аймақтардың әкімдеріне тиісті ұсыныстар берілді», - деді ол.

Сонымен қатар, депутат, жаңа су көздерін тауып, ашу мәселесінің де өзекті екендігін айтты.

«Кеңес дәуірінде, яғни, осыдан 30 жыл бұрын жүргізілген гидрологиялық зерттеулер ескірді. Қазіргі таңда үкіметтен инженерлік-гидрологиялық жаңа зерттеулерге қаражат бөлінуін сұраудамыз», - деп түсіндірді Т.Ибраев.

«Ауылды дамыту» бағыты бойынша жүзеге асырылған міндеттемелердің қатарында ауыл тұрғындарының мобильдік байланыс пен интернетке қол жеткізудің назарда тұрғаны да сөз етілді.

«Қосымша зерттеп зерделеуді қажет ететін ауыл жолдарын жөндеу секілді  мәселелер де бар. Елбасы өзінің әр сөзінде ауылдарды инфрақұрылымдармен қамтамасыз еут керектігін баса айтумен келеді. Ең бастысы – жол мәселесі. Бұл түйткіл Сайлауалды бағдарламаны орындаудың аясында өте өткір тұр», - деп атап өтті мәжілісші.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды тұғырнамасы 2011 жылы партия Съезінде қабылданған болатын. Онда бұл құжат алдағы 5 жылға арналған «қадамдық» жоспар мәртебесін иеленді. Жақын аралықта «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды тұғырнамасының соңғы 2,5 жылдағы орындалу қорытындыларына арналған  Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы өтеді.

 Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар