Орыстар қазақтың тарихын киносымен де қорлады

/uploads/thumbnail/20170708155232887_small.jpg

Көресіні көршінің киносынан көрдік. Көрмейтінді де... Қазақты тілімен безегендер ендігі кезекте киносын кезеп тұр.  Боратпен  басталған бүліктің намысымызды сүліктей сорғаны аздай арнамызға тағы бір жаңалық келіп түсті. От ала келген орыстар. Табан асты таңғажайып тудырудан жалықпайтын Ресейліктер жақында бас балуандары Иван Поддубный жайлы фильмді жарыққа шығарды. Балуанның бағасын боямасыз беруге тырысқандықтары соншалық тіпті асыра сілтеп жіберіпті. Тірісінде өзінен асыра сілтей алмаған балуанын жерде жатқанда жыққан режиссерге не жорық. Орыс балуанының тұлғалық болмысын ашуда «ашуға» булыққан Глеб Орлов  Қажымұқан рөліне қажыған біреуді ойнатып мұқым елге масқарасын шығарады. Тіпті түрік балуаны деп таныстырып,күрестен үлесі жоқ кейіпте көрсетеді. Түр түсі қазаққа қосылмайтын актерға алыбымыздың рөлін беріп, абыройға қарық қылды. Ол киноны көрген  күрестен хабары аз адамдар Қажымұқан жайлы солар салған көзқараста қалуы әбден мүмкін. Аренада Поддубныйдың Қажымұқанды айналдыра алып жыққанда ақыл есінен ажырап қалатын сәті нағыз отқа май құйған эпизод болды.

Poddubniy

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ жағымсыз жаңалықтың жалғандығына көз жеткіземіз. Иван мен Қажымұқан арасындағы шынайы серілерге тән сыйластықтың болғандығына куә боламыз. Тіпті,орыс ағайындар Қажымұқанды «Қара Иван» деп атаған. Болған белдесулердің өзінде бас балуандар бір-біріне бой бермеген. Өз өмірінде өзінен өзгенің үстемдігін көрмеген балуанға Глеб Орловтың ат үстінен қарарлық жөні жоқ еді ғой?! Тарихи оқиғаларға байланысты киноларға айдан анық нәрселерді тұмшалап бүркеудің не қажеті бар? Салмақты тарихи тақырыпқа жеңіл көзқараспен қарайтын не қылған режиссер? Шет елдік режиссермен бірігіп түсірсе бір сірә...

Orlov_Kult_24_01Айтпақшы сол фильмнен өзіміздің қазақ әртісін де көріп қалдық. «Балалық шағымның аспаны» т.б таңдаулы киноларға түскен Дәулет Әбдіғаппаровты. Ол түрік балуаны Кара Ахмет пашаның рөлін сомдайды. Сол фильмге түскен балуан денелі Дәулеттің де балуанымыздан  хабары болмағандығы ма,деген ой кетеді... У ды у қайтарады. Қазақфильм Қажымұқан жайлы фильм түсіру жұмыстарына кірісіп, актерлерге  кастинг жариялағанын хабарлайды Алматы телеарнасы. Тек аяғы «Боратқа жауап» жұмысын жауапсыз қалдырған Рақышев режиссердай болмаса.

Орхан Бақытбеков.

Қатысты Мақалалар