Қазақстан азаматының жаңа үлгідегі жеке куәлігі

/uploads/thumbnail/20170708155236774_small.jpg

ҚР Ішкі істер министрлігі жаңа үлгідегі жеке куәліктерді көрсетті. Министрлік баспасөз қызметі: "Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа жеке куәлігінде дизайн ішінара өзгертілді, ақ-қара түсті фотосурет түрлі-түстіге ауыстырылды, құжаттың түс гаммасы, ашықтығы мен анықтығы жақсартылды. Жеке куәліктердің барлық қорғаныш деңгейі сақталып қана қоймай, сонымен бірге жаңа элементтермен де толықты. Құжаттың қорғаныш қабатына қосымша элемент енгізілді: куәліктің оң жақ бетіне құжат иесінің голографиялық бейнесінің кішірейтілген түрі орналастырылды, ол құжатты қолдан жасаудан қорғанудың жоғарғы деңгейін білдіреді", - деп хабарлама таратты. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Жеке куәліктерді шығару Үкіметтің 2014 жылдың 23 қазандағы қаулысына сәйкес жоспарланған, 2014 жылдың 1 желтоқсанынан бастап азаматтарға беріле бастайды. Осы қаулы күшіне енгенге дейін берілген ескі үлгідегі жеке куәліктер пайдалану мерзімі аяқталғанша жарамды деп есептеледі. Бұрынғы жеке куәліктерді түрлі-түсті фотосуреті бар жаңа куәліктерге ауыстыру азаматтардың қалауы бойынша жүзеге асырылатын болады. Жаңа жеке куәлікті беру үшін алынатын мемлекеттік баж салығы бұрынғыдай айлық есептік көрсеткіштің 20 пайызы көлемінде болады, ол - қазіргі уақытта 370,4 теңге.

zheke kualik eski

Бұл Қазақстан азаматтарының қазіргі қолданыстағы  жекекуәлігі.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар