Мұхамедиұлы: Қазақстан спорттық державаға айналып келеді

/uploads/thumbnail/20170708155301059_small.jpg

Парламент Сенатында өткен алқалы жиында сөз алған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы еліміздің спорттық державаға айналып келе жатқандығын сенімді түрде айтуға болады деп мәлімдеді. Бұл туралы Baq.kz жазды.

"Расында да біздің еліміз соңғы жылдары түрлі халықаралық жарыстарда жүлделі орындар алып, байрақты бәсекелердің көпшілігінде жақсы нәтижелерге қол жеткізе бастады. Бұл біздің спорттық державаға айнала бастағанымыздың көрінісі. Тіпті, бұған Инчхонда өткен Азияда ойындарында алған 84 медалымыз нақты дәйек бола алады. Оның ішінде отызға жуық алтын медаль болып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынды еншілеуіміз, біздің спортшылардың зор әлеуетке ие екендігінің белгісі болса керек-ті. Ендігі жерде Елбасы Жолдауында айтылған нақты тапсырмаларды жүзеге асырумен айналысудамыз. Бұл бізге спорттық салада көрсеткіштерімізді одан сайын жақсартуымызға мүмкіндік береді", - деген өз сөзінде министр.

Қамшы-ақпарат

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар