Үкіметтің 80 пайыз астық жиналды дегеніне өлсем де сенбеймін

/uploads/thumbnail/20170708155300518_small.jpg

Бәрімізде де туыс бар, таныс бар. Үкіметтің 80 пайыз астық жиналды дегеніне өлсем де сенбеймін.  Арқадағы ағайындар, егін егетін қайын, құда-жекжаттар әрі кетсе 40-50 пайызы жиналды, қалғаны қар астында қалды деп жатыр. Болмаса тебінге мал жібереміз деп еңіреп жылаудың алдында отыр. Ірі кәсіпорындар болмаса, фермерлердің көбісі ұтылды. Сақтандыру дегенге ақшасы да жоқ.  Осы себепті де "Продкорпорация" омақасып, еліміз қанша жылдан бері тұңғыш рет Ресейден астық сатып алуға мәжбүр болып жатқан сияқтымыз. Масқара, енді.  Баяғы кеңес заманында колхоздар жоғары жаққа жалған ақпар, өтірік ақпарды борататын еді, бір-бірінің артын жауып. Сол замандар қайта келгендей. Бірақ, осы көзбояушылықпен қайда барамыз? Баяғы "Тамашаның", одан қалса Бейімбеттің кейіпкерлері тіріліп келгендей тура.  Өтірік ақпар берудің, көзбояушылықтың чемпиондары, мәстірлері арамызда әлі де толып жүр, ел басқарып тұр. Үйреншікті заманына, жағдайына жеткен сияқты.  Бұл кеңесектерге жетпей тұрғаны тек Мәскеу мен кеңес үкіметі. Бұлай кете берсе, жоғын жамап, оның да орнын толтырып тастауы ықтимал.  Бетін аулақ қылсын...

Айдос Сарым. (Facebook-тегі парақшасынан)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар