30 қазан күні Қазақстан жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде Алаштың аяулы перзенті, ақын Оразәлі Досбосыновтың шығармашылығына арналған «Оразсыз өткен 10 жыл» атты еске алу кеші өткен болатын. Ұйымдастырылып отырылған бұл шараға ақынның үзеңгілес бауыр, шәкірттерімен қатар танымал өнер жұлдыздары да келді. Кеш барысында ақын Оразәлі жайында жыр шумақтары оқылды, жылы лебіз, естеліктер айтылды. Бұнымен қоса, жиылғандар назарына айтыс үлгілері де ұсынылды. Мәселен, Балғынбек пен Болатбектің айтысы. Сол кешке барып қайтқан мына біз ақындар айтысынан үзінді бергенді жөн санап отырмыз (әуесқой түсірілім) : http://youtu.be/4J2QHqvyDc0
Әзірлеген Ерлан Төлеубай "Қамшы" сілтейді
Пікір қалдыру