Өскеменде ірі консалтингтік компания кәсіпкерлерге мастер класс өткізді

/uploads/thumbnail/20170708155307120_small.jpg

Шағын және орта бизнестің негізгі мәселелерін талқылау, кәсіпкерлерге кеңес бере отырып, сұрақтарына жауап беру мақсатында ШҚО ірі консалтингтік компания қатарындағы Parasat consulting ЖШС өкілі Өскемен қаласында мастер класс өткізді, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы ШҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ШҚО кәсіпкерлер палатасы мен «DAMU» кәсіпкерлікті дамыту қорының» қолдауымен, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында  Parasat consulting ЖШС «Маркетинг және бизнес-жоспарлау негізі» тақырыбында мастер класс өткізді.

Шара мақсаты – қатысушыларды маркетинг пен бизнес жоспарлау саласының негізгі тенденцияларымен таныстыру. Мастер классқа қатысу арқылы кәсіпкерлер бір-бірімен кеңесе отырып, тәжірибе алмасу арқылы өз ұсынысын да білдіре алады.

Ерікті тыңдаушылар да ере келген бас қосуда компания өкілі жеке бизнес құру идеясы мен жұмыстағы маркетингті құралдарды қолдану туралы тәжірибелік сабақ өткізді. 30 кәсіпкер қатысқан отырыста маркетинг пен бизнес жоспарлаудың маңызды сұрақтары талқыланды. Мәселен, бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін «бизнес зерттеу» ісін қолға алу керек. Сондай-ақ, түсім мен өрістеуді бизнестің қос мақсаты деп білетін кәсіпкерлерге тауар немесе қызметтің сапасы жөнінде пайдалы ақыл-кеңестер айтылды.

– Кәсібімді өрістету үшін мастер классқа келдім. Компания өкілі бірқатар сұрақтарыма жауап берді. Шынымды айтсам, «бизнес зерттеу» саласына көп көңіл бөліп көрмеппін. Келешекте де кәсіпкерлікті қолдайтын осындай шаралардың өтіп тұрғанын қолдаймын, – дейді жас кәсіпкер Ерік Құлжынов.

Мастер класс соңында қатысушы кәсіпкерлерге сертификат тапсырылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар