ШҚО нұротандықтар «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша мониторинг жүргізді

/uploads/thumbnail/20170708155308124_small.jpg

Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыру мақсатында Өскеменде «Нұр Отан» партиясының ШҚО партиялық бақылау комиссиясы қала ішінде бейімделген мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Qamshy.kz порталы ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасай отырып.

Тексеруден бұрын бақылау комиссиясы Санкт-Петербургтен әкелінген жылжымалы пандусты тамашалады. Германиялық «Боинг» зауытынан шыққан пандустың құны 1 млн. 200 мың теңге. Алюминийден жасалған заманауи жабдық тасымалдауға боларлық ыңғайлылығымен ерекшеленеді.

IMG_5567

Бақылау нысандарын тексеруді комиссия «Үлбі» халыққа қызмет көрсететін қалалық-аумақтық орталығынан бастады. Орталықта мүгедектерге түгел дерлік жағдай жасалған. Арнайы баспалдаққа шығуға арналған гидрокөтергіш қызметкерлерге таптырмас жабдық. Гидрокөтергіш арқылы арбадағы мүгедекті 3-4 минутта 2 қабатқа шығаруға болады. Сондай-ақ, орталықта кең ауқымды жеделсаты арқылы жүруге мүмкіндік бар.

– Орталық 10 балдық көрсеткішпен есептегенде 9 балдық деңгейде бейімделген. Қалалық № 19, 26, 37 мектептердің бейімділігі қалыпты деңгейде. Бұл салада пандус барлық мекемелерде болуы міндетті. Алюминді заманауи пандус болмаса да цементтен жасалған пандустарды салуға көп қаражат жұмсалмайды, – деді комиссия инспектор Жәдігер Қанапин.

IMG_5499

№ 37 мектепте ақыл-есі дамуы тежелген балаларға 6 сынып, нашар еститіндер 1 сынып жасақталған. Мектеп директоры Инна Грачеваның айтуынша, мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға барлық жағдай жасалған. «Арнайы сыныптарды типті бағдарламалармен оқытамыз. Бұл салада мектепте балалармен психологтар мен логопедтар жұмыс атқарады», – деді Инна Грачева.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар