«Еліне ұран болған Ер Жәнібек» проза бәйгесінің нәтижесі шықты

/uploads/thumbnail/20170708155308983_small.jpg

Жыл бойы тойланып келе жатқан Ер Жәнібек батырдың 300 жылдық мерейтойы қазан айында прозалық шығармаларға арналған бәйгемен жалғасты. Бұл шараны "Ер Жәнібек" халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр. Тілімізге тиек болып отырған прозалық мүшәйраның қорытындысы шықты. «Еліне ұран болған Ер Жәнібек» деп аталатын бәйге Ер Жәнібек Бердәулетұлының ерлік істерін, қолбасылық қасиетін, қоғам және саяси қайраткер ретінде атқарған қызметтерін, шешендік тапқырлығы мен әділ билігін насихаттау, сол арқылы қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сонымен бірге, қаламгерлерге қолдау көрсету, жоғары деңгейдегі шығармаларды өмірге әкелуге ынталандыру, шығармаларын оқырмандар арасына кеңінен насихаттау, жас буынды ұлттық мәдени құндылықтарға қызықтыру, тарихи тұлғалардың ерліктері мен өнегелі істерін насихаттай отырып қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуді көзде ұстаған.

Байқауды бағалау комиссиясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Дидахмет Әшімхан, Қазақстанның мәдениет қайраткері және М. Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, «Ақиқат» журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлім, көрнекті ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жәркен Бөдешұлы, ақын, ұстаз Мұрат Шаймаранұлы. Әділқазылар алқасының төрағасы филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Кәкен Қамзин болды.

Бас жүлде:

Қанат Әбілқайыр – «Қарға тамыр»(әңгіме);

Бірінші орын:

Мұрат Алмасбекұлы – «Үш бейіт»(әңгіме);

Екінші орын:

Ұлан Бапай – «Алтайдан биік асқар бар»(әңгіме);

Мейіржан Әуелханұлы – «Арыстан көл»(әңгіме);

Үшінші орын:

Айгерiм Амалбеkова  - «Еліне ұран болған Ер Жәнібек»(әңгіме);

Бақытбек Қадырұлы – «Кері түс»(әңгіме);

Сарқытқан Қастер – «Ер Жәнібек көзіндей ескі сандық»(эссе);

Арнайы жүлде:

Қойшыбек Мүбарак – «Бөрілі көш»(әңгіме)

Бәтима Ахметова – «Әулие бұлақ»(әңгіме)

Абылайхан Есімбай – «Еліне қорған болған Ер Жәнібек»(әңгіме)

Қуаныш Қаппас – «Алтайда арман көп»(әңгіме)

Саодат Ордашева – «Қан майданда қайтыс болған қарғашым»(әңгіме)

Жеңімпаздарға тағайындалған жүлделер:

Бас жүлде – біреу; І орын – біреу; ІІ орын – екеу; ІІІ орын – үшеу; Арнаулы жүлделер – бесеу.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар