Тәжікстандағы сұрапыл соғыс кезінде үш әйелдің басынан өткерген сұмдық оқиғасы

/uploads/thumbnail/20170710161500372_small.jpg

Тәжікстандағы азаматтық соғыс 5 жылдам астам уақытқа созылды (1992-1997) деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Ол тарихтағы ең сұрапыл соғыстардың бірі болды. Ресми деректерге сай, соғыста 100 мыңнан астам адам қайтыс болды. 26 мың әйел жесір атанды және 55 мың бала жетімге айналды. Тәжікстанның миллиондаған азаматы елден қашуына тура келді.

Тәжікстандағы белгілі ақын және жазушы Гулрухсор Сафиева «Әйел және соғыс» атты естелік кітап жазып шықты. Онда соғыстағы адамдардың бастан өткергені  жарияланған. Соғыс ең алдымен балалар мен әйелдерге қиын соғады.

«Біз айтып отырамыз, сен жаз»

Менің кейіпкерлерім маған өздері келді. Олардың сөздеріне құлақ асуды сұрады. Ол уақытта мен де босқын едім. Туған жерімді тастап, қашуыма тура келді. Себебі мені біреулер өлтіргісі келді. Өлтірмек болғандардың аты-жөндерін білемін. Мен оларды кешірдім. Оларға құдай куә.

Менің кейіпкерлерім – тәжік босқындары. Олар Қырғызстан, Ауғанстан, Иран, Қазақстан және Ресейде тұрып жатты. Соғыста көрген сұмдықтарын біреумен бөліскісі келді.

Кейіпкерлерімнің есімдері өзгертілген. Ол уақытта олардың аты-жөндері мен тұрып жатқан жерлерін айту қауіпті еді.

«Күйеуі зорланған әйелін балалармен қоса қуып шыққан»

Кейіпкерлерімнің бірін Қырғызстандағы алыс таулы ауылда кездестірдім. Оны күйеуі балаларымен қуып шыққан екен. Себебі оны зорлап кеткен. Оны үйінен «Сен лассың» деген сөздермен қуған.

Кейіпкерімнің күйеуі қарулы қақтығыстың бір мүшесі болған. Оның жаулары әйелін зорлау арқылы өшін алмақ болды. Күйеуі де жазадан қорқып әйелі мен баласын тастап қашқан. Соғыс аяқталғанда үйіне қайта оралып, әйелімен ажырасып кеткен.

«Өмірінің соңына дейін оның ескі теледидарының үстінде соғыста көз жұмған балаларының фотосы тұрды»

Әр ана үшін баласын жоғалту ауыр соққы. Тәжік соғысында жүз мыңнан астам адам көз жұмды. Көбінің  үйінде тақымын қысып отырған анасы бар екені анық.

Менің кейіпкерімнің есімі Рохила. Ол Хатлон облысында тұрды. Тәжікстанның бұл аймағында ұрыс қызу өтіп жатты. Бір күні оның үйіне таныстары келді. Олар оның үш баласын ертіп кетеді. Рохиланың отбасы қарапайым колхозда жұмыс істейтін жұмысшылар болғандықтан, балаларын көп ұзамай жібереді деп ойлады, алайда балалар көп уақытқа дейін үйге оралмады. Анасы балаларын іздеп далаға шықты.

Соғыс... Атыс... Рохила бораған оқтың арасында балаларын іздеп жүр. Екі үлкен баласының денесін тауып алып, үйге алып келді. Өзі көмді. Ал кішісін таппады. Ол тірі деп үміттенді.

Оны бірнеше күннен кейін матаға орап алып келді. Анасы жүгіріп келіп, оны құшақтағанда баласының дем алып жатқандай, өкпе тұсы қимылдағанын байқайды.

«Менің балам тірі!» деп айқайлап жіберді.

Баласының денесі суық екендігі қатты таңқалдырды. Бәлкім ол комада шығар деп ойлады. Шындық одан да қорқынышты болып шықты. Рохиланың баласын өзеннің бойынан тауып алған.  Оның денесіне балық кіріп кеткен екен. Оны алып шыққанда анасы балықты лақтырып жіберді. Кейінірек ол менімен сұхбаттасқан кезде оның бекер болғанын айтады. Балықты сақтап қойып, соғыстың қатігез болатынын көрсету керек еді дейді.

Рохиланың үйінде оны 3 жесір келіні мен 15 немересі күтіп отырды. Келіндерінің бірі жүкті еді. Ол туралы ешкім білмеді. Ол жерлеу кезінде күйеуінің шапанын киіп алды. Осы арқылы барлығы оның жүкті екенін білді. Ол қыз босанды. Оның есімін Интизор деп қойды.

Рохила 90 жасқа толғанда Меккеге қажылық барды. Үйіне оралғаннан кейін танысы оны қонаққа шақырды. Балалары Рохиланы ол үйге бармауды сұрады. Мұндай өтінішке таңқалған Рохила себебін сұрады. Қонақ шақырып отырған оның балаларын өлтірген адам екені белгілі болған.

Сонда Рохила балаларына «Мен қажылықтан оралдым. Мен Құдайдан келіп отырмын. Ол бізді жазалауды емес, кешірімді болуды үйретті» деген екен.

Әйел баласын өлтірген адамды кешірген. Үш бірдей бауыр еті баласын өлтіріп тастаған адамды кешіру үшін қандай күш керек десеңізші.

«Соғыс уақытында сұмық жағдайлар көп болды»

Менің Садаф есімді кейіпкерім көп жыл балалы болуды армандады. Ол бірнеше мәрте күйеуге шығып, бала босана алмаған. Көп жыл өткеннен кейін көптен күткен баласы дүниеге келді.

Соғыстың нағыз қызып тұрған тұсында Сада мен оның бес жастағы қызы және ондаған баласын жетектеген әйел Ауғанстанға қарай қашты. Ауғанстанға жету үшін олар Пянджды қайықпен өтпек болған. Жағаға жетіп қалғанда астыс басталып қайық аударылып кеткен. Әйел бұтақты ұстап аман қалған. Сол уақытта суға батып бара жатқан қызы анасын көмекке шақырып, көмектесуін сұраған, алайда Сада бұтақты жіберсе қызымен бірге батып кететінін түсінген. Осылайша көптен күткен жалғыз баласы көз алдында суға батып кетті. Кейінірек ол маған сырын айтып берді.

«Бала өмірден де қымбат деп айтатындар өтірік айтады. Өмірің қыл үстінде болғанда оның  барлығынан қымбат екенін сезесің» деді Садаф.

Садаф адамдардың оны айыптайтынына қарамастан өз оқиғасын айтып берді. Мұндайды ешкімнің басына бермесін.

Аударған: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар