Ел бюджетіне 2 миллиард теңге түсті

/uploads/thumbnail/20170708155537792_small.jpg

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің есебіне сәйкес, ақшаны жария ету үшін екінші деңгейлі банктерде 17 жинақ шот ашылған. Бұл туралы бүгін «Мүлікті жекешелендіру және жария ету барысы» туралы өткен Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетін қадағалау департаментінің директоры Арғын Қыпшақов мәлім етті.

«2014 жылғы қарашадағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің есебіне сәйкес, ақшаны жария ету үшін екінші деңгейлі банктерде 17 жинақ шот ашылды. Осы шоттарға 2 млрд теңге ақша түскен. Жинақ шоттарынан 372 млн теңге шығарып алынып, осы сомадан ақшаны жария ету үшін бюджетке 37 млн теңге алым төленді», - деп хабарлады ол.

А.Қыпшақовтың айтуынша, акция басталғанға дейін барлық аймақтарда мүлікті жария ету бойынша комиссиялар құрылған.

Жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларға мүлікті жария ету үшін 7096 өтініш келген. Осы өтініштердің жалпы сомасы 57 млрд теңге. Комиссиялар 1379 нысанды жария ету туралы шешім қабылдады. Шешімдердің жалпы сомасы 8 млрд теңге», - деп толықтырды ол.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
Bnews.kz

Қатысты Мақалалар