Үлкен Алматы айналма тас жолы 2015 жылы басталады

/uploads/thumbnail/20170708155538334_small.jpg

Үлкен Алматы айналма тас жолының салынуы 2015 жылы басталады.

Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары арқылы инфрақұрылымға жеке инвестицияларды тарту» форумында мәлімдеді.

- Қазір біз «Үлкен Алматы айналма тас жолы» жобасын жасауды аяқтағалы жатырмыз. Қараша айының ортасына дейін инвесторларға ұсынатын құжаттар пакетін толық дайныдап, 9 желтоқсан Еуропа қайта құру және даму банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясының қолдауы арқылы тікелей инвесторлармен жиын өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді.

Аталмыш жобаның келесі жылы жүзеге асырылатындығын айтқан министр: - «Үлкен Алматы айналма тас жолы» жобасының байқауы екі кезеңнен тұратын болады. Ол жобаның 2-3 жыл дайындық уақытын 6-9 айға қысқартуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Астанада «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары арқылы инфрақұрылымға жеке инвестицияларды тарту» форумы өтуде. Форумның соңында «Үлкен Алматы айналма тас жолы» жобасы таныстырылады.

Қатысты Мақалалар