Мұражай, театр ғимараттары жекешелендірілмейді

/uploads/thumbnail/20170708155540517_small.jpg

25 мәдениет және шығармашылық үйлер жекешелендіру аясындағы сатылымнан шығарылды. Бұл туралы бүгін Орталық комманикациялар қызметіндегі брифингте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов мәлім етті.

«Бірде бір мұражай немесе галерея, театр жекешендірілетін нысандар тізіміне енгізілген жоқ. Мұны комиссия бақылап отыр. Алайда, бұл тізімге шығармашылық және мәдениет үйлері енген болатын, бірақ та бір апта бұрын осы мәселені қарастырып, бұл нысандарды саудадан шығарып тастады. Яғни, олар енді саудаға шығарылмайтын болады. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында осы мәселе қарастырылуы мүмкін, алайда ол қазіргі кезде кейінгі қалдырылып отыр. Бұл тұрғыда барлығы 25 нысан ұамтылған еді»,- деді Э.Өтепов.

Осы орайда комитет басшысы мәдени нысандарды саудаға шығару кезінде әлемдік тәжірибе зерделенгенін атап өтті.

Атап айтқанда, шетелде мәдени нысандардың басым бөлігі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қызмет жасауда.

«Қараша айында республикалық меншіктегі 4 нысан сатылымға шығарылады. Олардың арасынде ең ірі деген нысан – «Қазаэрожоба» ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты.Сонымен қатар, коммуналдық меншіктегі 28 нысан сатылады. Олардың арасында 6 тілдерді оқыту, алты БАҚ нысаны, бес спорт клубы, абаттандыру саласындағы бес нысан бар»,-деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Ибраимов.

Қатысты Мақалалар