Семей қаласының Восточный кентінде 3-5 жас аралығындағы балаларға арналған 100 орындық шағын орталық ашылды. «Асыл Жібек» мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ашылу салтанатына ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды Qamshy.kz порталы ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасай отырып.
Елімізде 2015 жылға қарай балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 74 %-ды құрайды. Бұл жөнінде Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айтылған. Бүгінде Шығыс Қазақстанда Жолдауда міндеттелгшен тапсырманы орындау бойынша ілкімді істер атқарылуда. Мысалы тек Семей қаласында жыл басынан бері 50 орынды «Нимат» пен «Әлтайыр» және 100 орынды «Асыл Жібек» орталықтары ашылып, 200 бала мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамтамасыз етілді.
Жыл соңына дейін 305 орынды 3 мектепке дейінгі мекеме ашу көзделіп отыр. Әзірге шаһардағы мектеп жасына дейінгі 6778 бала 31 балабақшада тәрбиеленуде. 1925 бала 16 жекеменшік балабақшаға барады.
Жалпы Семей қаласында 82 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар. Бүгінгі күнге дейінгі көрсеткіш бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту 86,7 % орындалған.