Соңғы 12 жылда ел экономикасына 245 млрд доллардан астам инвестиция құйылды

/uploads/thumbnail/20170716220343111_small.jpg

Соңғы 12 жылда ел экономикасына құйылған 245 млрд доллардан астам шетелдік қаржының басым бөлігі пайдалы қазбаларды игеруге жұмсалды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп.  Соңғы мәліметтерге сүйенсек, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында тікелей инвестициялардың жалпы көлемі жиырма пайызға артқан. Бұл туралы құрметті консулдар съезінде Инвестициялар және даму министрінің орынбасары мәлімдеді.

Аталған шараның мақсаты - шетел инвесторлары үшін Қазақстанда жасалып жатқан жағдайларды жан-жақты түсіндіру және сол ақпаратты консулдар арқылы барлық инвесторларға жеткізу. Басқосуға жергілікті және шетелдің 130-дан астам құрметті консулы қатысты.  Ерлан Қайыров, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары: - Бізде 700-ден астам мемлекеттік меншік саудаға қойылады. Шетелдік инвесторларды сол мүлікті жекешелендіру мүмкіндігін қарастыруға шақырамын. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында да көптеген жобаны бірлесе отырып, қолға алуға болады-деді.

 

Қатысты Мақалалар