Виктория Зябкина үш дүркін Азия чемпионы атанды

/uploads/thumbnail/20170716220343903_small.jpg

Виктория Зябкина үш дүркін Азия чемпионы атанды. Жеңіл атлетикадан өткен Азия чемпионатында Қазақстан жүлделер есебі бойынша үшінші орын иеленді. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен төрткүндік жарысты Қазақстан құрамасы төрт алтын, екі күміс және екі қола жүлдеге қол жеткізді. Жарыстың соңғы күні 200 метрге жүгіруден Виктория Зябкина алтынға қол жеткізіп, Азия маусымындағы үздік уақытты (23.10 секунд) көрсетті. Осылайша ол Азияның үш дүркін чемпионы атанды. Мұның алдында ол 100 метрге жүгіруде бірінші болды және эстафета құрамында да жеңімпаз атанған еді.

Шолушы: Айгерім Таубай
 

Қатысты Мақалалар