Қостанай облысында бір отар қой шопанымен бірге өртеніп кетті

/uploads/thumbnail/20170716220345566_small.jpg

Қостанай облысында 1406 бас қой қойшысымен бірге өртеніп кетті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Оқиға  Жангелдин ауданының Көкалат ауылынан 30 шақырым жерде болған. Алдын ала болжам бойынша өрт жай түскеннен тұтануы мүмкін. Қырылған мал «Айдос» жеке шаруашылығына тиесілі.

Отарды оттан алып қалуға ұмтылған шопан да қызыл жалынның ортасында қалып қойған.

«Марқұм болған қойшының артында сегіз баласы қалды», – дейді жергілікті тұрғындар.

Албарбөгет ауылдық округінің әкімі Дастан Абдуллиннің айтуынша, өрт салдарынан 1406 бас ұсақ мал шығын болған. Қазір апат орнында құзырлы орын өкілдері төтенше жағдайдың себеп салдарын анықтаумен айналысып жатыр. 

 

Қатысты Мақалалар