Үндістанның Бихар штатында найзағай түсіп қаза тапқан адамдар саны 26-ға жеткен деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Бастапқыда Уттар-Прадеш пен Бихар шаттарында 19 адам қаза тапты деп хабарланған болатын. Олардың арасында әйелдер мен балалар бар. Тағы 10 адам зардап шеккен.
Үндістанда найзағай кесірінен өлімнің көрсеткіші көбейген. Найзағай көбіне бүл аймақта ауын-шашын уақытында жиі орын алады. 2016 жылы Бихарда бір күнде 56 адам көз жұмған.