Путин мен Трамп кездесу барысында бір сағат бойы терроризммен күрес мәселесін талқылаған

/uploads/thumbnail/20170716220358077_small.png

Жалпы алғанда екі мемлекет басшылары 2,5 сағат әңгімелескен. Осы уақыт аралығында олар халықаралық күнтізбедегі актуалды мәселелерді талқылады, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі.

Гамбургтегі G20 саммиті аясында кездескен Ресей басшысы Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп бір сағат көлемінде халықаралық терроризммен күрес барысын талқылаған. Бұл туралы мемлекет басшысының өкілі Светлана Лукаш хабарлады.

«Уақыттарының ең көбі терроризммен күрес мәселесіне арналды», - деді Светлана Лукаш брифинг кезінде.

Еске сала кетейік, «Үлкен жиырмалық» саммиті аясында Ресей президенті мен АҚШ президенті алғашқы кездесулерін өткізді.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар