Рекордсмен-әжей 90 жылдық мерейтойын 175 мұрагерінің арасында атап өтті

/uploads/thumbnail/20170716220358805_small.jpg

"Адамның бар бақыты бала" деген... Иә көп балалы ата-ана атанып, немере-шөберелірінің қызығын көріп өмірден алаңсыз өту әркімнің де арманы болар. Ал бұл кейіпкеріміз шөбере көрумен шектелмей, шөпшек сүйген ұлы ана. 

Джесси Смит Ұлыбританияда баласы ең көп рекордсмен әйел атанған: оның 12 баласы, 44 немересі, 99 шөбересі, 20 шөпшегі бар, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі.

Әжелердің әжесі атанған Джесси Смит өзінің 90 жасқа толған күнін 175 мұрагерінің айаласында тойлады. Қарияның қуанышында шек болмаған көрінеді. The Sun порталының хабарлауынша, әжейдің туған күніне балаларының бірі де қалмай келген.

Немерелерінің ең үлкенінің жасы – 52-де, ал ең кіші шөпшегі 2 жарым айлық. 

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар