Моңғолияның жаңа президенті ант қабылдап, өз міндетіне кірісті

/uploads/thumbnail/20170716220402404_small.jpg

Моңғолияның жаңа президенті Халтмаагийн Баттулга ант қабылдап, бұрынғы президенттен мөрді алды, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі. Сөйтіп жаңадан сайланған президент өз міндетіне толықтай кірісті.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, салтанатты рәсім мемлекеттік резиденцияның үлкен залында өтті. Халтмаагийн Баттулга подиумға шығып, қолына Моңғолияның Конституциясын алып, ант берді де, соңында алдағы жоспарымен бөлісті.

Бірінші кезекте президент елдегі кедейлік деңгейімен күресуге уәде берді. Сондай-ақ Моңғолия азаматтары үшін жаңа жұмыс орындарын ашумен айналысатынын айтты.

Халтмаагийн Баттулга өз азаматтарының пікірін мұқият тыңдап, ұлттық бірлікті қамтамасыз ететінін айтты.

«Моңғолия ұлттық өнеркәсібі дамыған және қысқа мерзім ішінде өз экономикасын көтере білген ел болады», - деді Моңғолияның жаңа президенті инаугурацияның салтанатында. 

Еске сала кетейік, Монғолия орталық сайлау комитеті жетекшісі Чойнзонгийн Содномцэрэн оппозициялық Демократиялық партиядан сайлауға түскен Халтмаагийн Баттулга президенттік сайлаудың екінші кезеңінде жеңіп, ресми президент болғанын мәлімдеді. Содномцэрэннің мәлімдемесіне сай, Баттулга 611 мың 226 дауыс (50,61%) жинап, елдің бесінші президенті болып сайланған.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар