Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлантикалық кеңес» президенті Фредерик Кемпті қабылдады, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Қ.Тоқаев ықпалды американдық аналитикалық орталықтың басшысымен әңгіме барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Спикер Ақ үйдің жаңа әкімшілігімен Астананың арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ядролық қауіпсіздік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, терроризмге қарсы күрес, сондай-ақ өзекті халықаралық мәселелер деп санайды.
Тараптар Орталық Азиядағы халықаралық жағдайды және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
Шолушы: Гүлім Жақан