Америкалық Мэг Джонсон 8 жыл бойы донор болатын жүректі күтіп жүрді.Кейін күткен уақыты зая кетпей, жаңа жүрекпен өмір сүрді. Бірнеше айдан кейін ол өз сүйіктісін жолықтырып, ана болу бақытын сезінді. Ол сәби сүйгісі келді және де дәрігерлердің қауіпті деп айтқан ескертулеріне қарамастан ана атанды. Алайда бірнеше сағаттан кейін 32 жастағы әйел бақилық болған.

Дәрігерлердің айтуы бойынша, босанғаннан кейін ол керемет көңіл-күйде болды және денсаулығы да қалыпты болған екен. Бірақ аяқ астынан оның жағдайы күрт нашарлап кеткен.

Дәрігерлер әлі күнге дейін не үшін Мэгтің жағдайы күрт нашарлағанын білмей отыр. Бұл жағдайға байланысты болжамдар көп болғанымен нақты дәлел болмай отыр.
Аударған: Әсел Болатқызы