Қытай бұл жобаны негізінен бір жылға созылуы тиіс. Бұл уақыт бойы бірін-бірі алмастырған сегіз ерікті арнайы модульдің ішінде тұратын болады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агентігі 24.kz-ке сілтеме жасай отырып.Оның аумағы - 160 шаршы метр. Мұнда жататын және демалатын орын мен қалдықтарды жоюға арналған бөлме бар. Дегенмен модульдің көп бөлігін екі жылыжай алып жатыр. Еріктілер онда көкөніс өсіріп, сонымен тамақтанады. Жалпы Қытай 2036 жылға таман айға алғашқы ғарышкерлерін аттандыруға ниетті. Бұл жоба көмегімен астронавттардың ұзақ уақыт бойы автономды модульдің ішінде өмір сүру қабілеттігі тексеріледі. Осы мақсатпен Аспанасты елінің ғалымдары үш жыл бұрын ұқсас тәжірибе жүргізген болатын. Ол небәрі үш айға ғана созылған.
Лю Хой, тәжірибе қатысушысы: - Күні бойы шаруалармен айналысып жүріп, уақыттың қалай өткенін байқамай қаламыз. Алайда демалуға отырғанда көңіліміз жабырқап қалады. Өйткені жақындарың жайлы ойлап, туған-туыстарыңды сағынасың. Сондықтан жоба қатысушыларымен әңгіме-дүкен құрып, біраз жеңілдеп қаламыз.
Шолушы: Ақнұр МҰХТАРХАН