Мәскеудің солтүстік-шығысындағы «РИО» сауда орталығында өрт шықты. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Оқыс оқиғадан 14 адам зардап шеккен. Біреуі – жеті жастағы бала. Осыған байланысты сауда орталығынан мыңдаған адам қауіпсіз аймаққа шығарылды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оттың тұтануына электр сымдарының тұйықталуы себеп болған.



Шолушы: Айгерім Таубай