Мексиканың Гуанахуато штатында мектеп бітіру кешінде 40 адам уланып қалған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, мектеп оқушылары мерзімі өтіп кеткен, бұзылған тағамдар жеген. Мейрамда жалпы 800 адам болған. Куәгерлердің айтуынша, олар ет пен тағамдарды жергілікті тұрғын әйелден сатып алған. Оқиғаға байланысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде.