Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэйдің Brexit-тен кейін Корольдікте тұратын Еуропалық азаматтарға берілетін мүмкіндіктер туралы айтқан ұсынысына Еуропарламент мүшелерінің көңілі толмайды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Олар мұндай мәлімдемені өздерінің ашық хатында жазған. Оны депутаттардың төрттен үші мақұлдады. Еуропалық парламенттің Brexit келіссөздері бойынша өкілі Ги Верхофстадттың айтуынша, Британия ұсынысы қабылданса, Еуропалықтар Корольдікте екінші санатты азамат болып қалады. Ал бұған дейін Ұлыбритания екі тараптың азаматтарына тең құқық беруге уәде еткен.
Еске сала кетейік, маусым айының соңында Тереза Мэй Британияда тұратын Еуроодақ азаматтарына 5 жылға дейін Корольдікте емін-еркін өмір сүріп, жергілікті азаматтармен тең құқықта болатынын айтқан еді. Деректерге қарағанда бүгінде Ұлыбританияда Еуропалық одаққа мүше елдердің 3 млн 2 жүз мың азаматы өмір сүріп жатыр.
Ал Королдіктің Шенген аймағында тек 1 млн 2 жүз мың ғана азаматы бар.
Шолушы: Айгерім Таубай