Америкалық құқыққорғау органы Трампты сотқа берді

/uploads/thumbnail/20170716220417312_small.jpg

Азаматтар еркіндігі америкалық одағы (ACLU) аталатын құқыққорғау органы АҚШ президенті Дональд Трампты, вице-президент Майк Пенсті және әділ сайлау комиссиясын сотқа берді, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі. Ұйымның баспасөз қызметі мәлім еткендей, заңнаманың бұзылуы мен комиссия жұмысының дұрыс атқарылмағаны басты себеп болған.

Трамп сайлаудан кейін процестің алаяқтыққа толы өткенін мәлімдеп, тергеу жұмыстарын жүргізуге уәде берген екен. Алайда өз сөзінде тұрмаған. Сондай-ақ, Трамп оның сайлаудағы қарсыласы Хиллари Клинтонға дауыс бергендердің көбін имминранттар деп,  оларды «өлі жандарға» балады.

«Айыпталушылар екі жақты Федералдық консультативтік комитетінің актісін бұзған», - делінген мәлімдемеде. «Пенс пен Кобачтың (Крис комиссиясының орынбасарлары) комиссиясы жабық түрде алғашқы жиналыстарын өткізді».

ACLU комиссиядан Федералдық консультативтік комитетінің актісін бұзғаны жөнінде мойындауды талап етеді, сондай-ақ болашақта қатаң бақылауға алынуын көздейді. 

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар