Илья Пьянзин есімді Қазақстан тумасы 2013 жылы сол уақыттағы Ресей премьер-министрі Владимир Путинге шабуыл жасамақшы болған. Енді ол рақымшылық сұрап отыр деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Коммерсант газетіне сілтеме жасап. Илья Пьянзин өзінің сол кездегі мақсаты ақымақтық болғанын және дәлелденбеген қылмыс екенін айтқан.
2012 жылдың қаңтар айында үш адамнан құралған экстремистік топты полиция жолын кескен. Олар – Шешенстан тумасы Осмаев, Руслан Мадаев және Қазақстан тумасы Ильи Пьянзин. Аты аталған үш ер адам Одессадағы пәтерлердің бірінде шабуылға бомба дайындаған. Ол кездейсоқ іске қосылған. Мадаев сол жерде көз жұмды. Ал бірінші болып ұсталған Пьянзин Украинаның қауіпсіздік қызметіне сыбайластарымен бірге Путинге және Шешенстан президенті Рамзан Қадыровқа шабуылдау үшін жарылғыш зат жасағанын айтқан.
Коммерсант басылымының жазуынша, құжат Самарқанд облысы губернаторы жанындағы рақымшылық жасау мәселелері бойынша комиссияға берілді.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет