Көкшетауда әйел суға батып өлмекші болды

/uploads/thumbnail/20170716220418523_small.jpg

Көкшетауда 6 шілде күні Ақмола облысының Төтенше Жағдай құтқарушылар тобы әйелді өлімнен аман алып қалды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Ақмола облысының ТЖД-не сілтеме жасап хабарлайды.
Көкшетау қаласында Копа өзенінде суға батып өлмекші болған әйелді көріп қалған ер адам құтқарушыларды шақырған. Олар келіп жеткенде әйел суға жартылай кіріп кеткен еді. Құтқарушылардың бірі оны райынан қайтармақ болып тілдесті. Нәтижесінде әйел құтқарылып дәрігерлерге жеткізілді.

 

Қатысты Мақалалар