Асылып қалған тоғызыншы сынып оқушысы: Менің өліміме ешкімді кінәламаңыздар

/uploads/thumbnail/20170716220421622_small.jpg

Оқыс оқиға 5 шілде күні БҚО Қазталов ауданы Талдапан ауылында орын алған, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап.

Аудан әкімі орынбасарының Зайлим Мажитованың айтуынша, тоғызыншы сынып оқушысы өзінің үйінен асулы күйінде табылған.

«Ол қыздың оқу үлгерімі өте жақсы болатын. 8 шілдеде өзінің құрбысымен Астана қаласына ЭКСПО көрмесіне баруға дайындалып жүрген. Отбасыларында 6 бала бар, солардың бесіншісі. Көз жұмар алдында жарты сағат бұрын ол қыз барлық құрбыларының үйін аралап шығып, қоштасып қайтқан секілді. Кейін үйіне оралғаннан соң асылып қалған. Қыздың мәйітін ата-анасы үйінен тауып алған», - деп мәлімдеді әкім орынбасары.

«Мәйіттің қасында ол қыздың жазып қалдырған соңғы хаты табылды. Ол өзінің хатында бір қара адамның өзін бірнеше күннен бер өлімге шақырып жүргендігін айтқан. «Ол маған өзім асылып қалмасам, менің жақындарымның барлығын өлтіремін дейді. Тіпті, қазірдің өзінде ол менің қасымда тұрып, асықтырып жатыр, сол себепті де асығыс жазып отырмын. Менің өліміме ешкімді кінәламауларыңызды өтінемін» - деп жазылған хатта», - дейді Зайлим Мажитова.

Белгілі болғандай, 16 жастағы қыздың бұл уақытқа дейін ешқандай да оқыс қылығы байқалған емес.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар